Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіпке бағдарлау

Мамандық таңдау мәселесі орта мектеп оқушыларының алдында әрдайым тұрады, ал қазір ол қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты ерекше өзекті болып отыр. Мектеп оқушылары көптеген жаңа мамандықтар туралы аз ақпарат алады, ал дәстүрлі кәсіптер де  айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда.
     Еңбек нарығының сұранысы, адамға қойылатын мамандық талаптары және оның жеке ерекшеліктері сияқты факторларды ескере отырып жасалған кәсіби таңдау мамандықты ойдағыдай игерудің маңызды шарты болатындығы бәріне түсінікті. Мамандық таңдауда орта мектеп оқушыларына әртүрлі университеттер мен колледж  өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесулері жақсы көмектеседі. Осындай нәтижелі кездесулердің бірі Е.А. Букетова атындағы ҚарУ-дың физика-техникалық, экономикалық және педагогикалық факультеттерінің декандарымен кездесу болды. Кездесу барысында оқушылар университет және факультеттер жайлы толық ақпарат алды.

Жаңартылған күні: 17.05.2021 07:56
Құрылған күні: 17.05.2021 07:56

Текст