Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің                              Степногорск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

1. Жалпы ережелер

         1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 Заңды мекенжайы: Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, №4 ғимарат.

         2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

        Степногорск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №8 ЖОББМ

 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

4003015 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»

403003 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

403004 «Бастауыш, күндізгі, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»

803005 «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың  телнұсқаларын  беру»

Білім беру саласында 2023 жылы 142 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген- 115 қызмет;

 электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 21 қызмет;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқасында көрсетілген - 6 қызмет.   

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

     2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат № 8 ЖББМ мектебінің сайтында орналастырылған http://sc0012.stepnogorsk.aqmoedu.kz/  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, ақпараттық стендте көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы  жұмыс  істейді.

         3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

         2)Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         Шоқан Уәлиханов атындағы №8 ЖОББМ мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер көрсетеді.  «Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара әрекеттесу» мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру тақырыбында мемлекеттік қызметтерді көрсететін барлық қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

           4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1)Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         2023 жылы үшін мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Жаңартылған күні: 29.02.2024 10:22
Құрылған күні: 29.02.2024 10:22

Текст