Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы

ЕСЕП
Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысын өткізу туралы

КММ «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп»

Өткізілген күні: «25_» тамыз_2026 жыл
Өткізілген орны: КММ «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп»

Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес КММ «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің» Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді.

Отырысқа Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі, педагог қызметкерлер және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Күн тәртібі:

1. Қамқоршылық кеңесінің құрамымен танысу және оның қызметінің негізгі бағыттарын анықтау.
2. Қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен өкілеттіктерімен танысу.
3. Мектеп қызметінің негізгі бағыттарын және кеңес тарапынан қолдауды қажет ететін мәселелерді талқылау.
4. Мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту.
5. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.

Отырыс барысында мектеп директоры білім беру ұйымының негізгі қызмет бағыттарымен, білім алушылар мен педагогтер ұжымының жетістіктерімен, сондай-ақ алдағы оқу жылына қойылған міндеттермен таныстырды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері білім алушылардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай жасау, білім беру сапасын арттыру, оқушылардың бастамаларын қолдау, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және мектеп, ата-ана мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету, мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыру және ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатыстыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңесінің алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, бірлескен іс-шаралар белгіленді. Қатысушылар мектептің дамуына және білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Отырыс шешімі:
Қамқоршылық кеңесінің жұмысын бекітілген жоспарға сәйкес жалғастыру, мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар және қоғам өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайту, мектептің дамуы мен қолдауына бағытталған бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:Е.Генгенрейдер
Хатшы: Е.Агеева
Мектеп басшысы:С.Журина