Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұлтты бухгалтерия

ҚР қолданыстағы заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласындағы функциялар аудандық, қалалық деңгейден облыстық деңгейге берілді. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлімдеді. 
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында білім беру саласын қаржыландырудың ашықтығын, айқындығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында бұлтты бухгалтерияны енгізу басталды.
«Бухгалтерияны, есепке алуды, кадр жұмысын және шығыстарды жоспарлауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Енді министрліктен, басқа да мемлекеттік органдардан бастап, ең бастысы, еліміздің азаматтары ақпаратқа қол жеткізе алады», - дейді спикер.
Жалпы, жылдан жылға білім беру саласына шығындар артып келеді және олардың қаншалықты тиімді пайдаланылатынын білу керек.
БҒМ бастамасымен жан басына қаржыландыру және бухгалтерияны, есепке алу мен кадрларды цифрландыру тетіктерін енгізуді Ақмола облысының әкімдігі де қолдады.
Былтыр осындай пилоттық жоба Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының білім беру мекемелерінде сәтті сынақтан өтіп, оны білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорлары оң бағалаған еді. 
Сондай-ақ, пилоттық жобаның нәтижесінде тек елорданың өзінде бірнеше миллиард теңге үнемделіп, білім беру ұйымдарының қаржылық қызметінің жұмысы жақсарған болатын.
Бұдан бөлек, бухгалтерлік есеп пен салық есебіндегі заң бұзушылықтар саны едәуір азайып, бақыланбайтын шығындар қаупі барынша азайтылды.
Бейбіт Айтымұлының айтуынша, жоба еңбекақыны дұрыс төлемеу, қаржылық бұзушылықтар, жоспарлау, қаржыландыру кезіндегі субъективтілік сияқты көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі және білім беру ұйымдарының қаржылық жағдайына жедел бақылауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің өзінен басқа бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, тарифтеу және есепке алу процестері де автоматтандырылатын болады.
Айта кететін бір жай, аудандық және қалалық функцияларын облыстық деңгейге өткізу кезінде кадрларды қысқарту болмайды.
Жаңартылған күні: 22.01.2021 08:01
Құрылған күні: 22.01.2021 08:01

Текст