Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацию» коммерциялық            емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкімет» «www.egov.kz веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
                Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1)  Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға   немесе    негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні.

    2)  Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат  берілетін ең    ұзақ уақыты – 15 минут;
3)  Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15   минут.

                                Мемлекеттік қызметті көрсету нәтиежесі

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту
туралы дәлелді жауап.
• Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
• Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды
куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
• Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін сұрау салуда көрсетілген Мемлекеттік
корпорацияның мекенжайы бойынша алады.
• Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай ішінде құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді.
• Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті
алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

 

Қужаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

 1. құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және
жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініші;

2. білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

 3. тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына көрсетілетін қызметті
алушының ұялы байланыс операторы ұсынған, абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған
электрондық құжат нысанындағы осы Қағидалардың 1-  қосымшаға сәйкес негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының басшысының атына өтініш.

  Қазақстан Республикасының заңнамамсына белгіліленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы
Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат береді.

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда қызмет алушы мемлекеттік қызметті электронды түрде портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы
ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

Жаңартылған күні: 20.03.2023 11:14
Құрылған күні: 20.03.2023 11:14

Текст