Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке жол» 2020

28.09.2020

«А.П. Гайдар атындағы №8 орта мектебі» КММ

 «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы ақпарат

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайынғы атты «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жетім балаларға және қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балаларға материалдық көмек көрсету болып табылады.

       Акция шеңберінде оқумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін аулаларды аралау және рейдтер жүргізіледі. Қайырымдылық көмекке мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың тізімі жасалды.

          Мектебіміздің әлеуметтік педагогтары ауданымыздың ұйымдарына қайырымдылық акциясына қатысуға үндеуі бар көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, қамқоршыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу туралы өтініштер, ақпараттық хаттар жолдады. Мектеп оқу құралдарын сатып алу үшін қаражат бөлген "ЕПК Степногорск" АҚ ұйымы,  "Қазақалтын" ТКМК АҚ рюкзактармен және кеңселік құралдармен көмектесті, ҚКХП Степногорск қалалық комитетінің өкілдері 1-сынып оқушыларына мектеп оқу құралдарын жеткізді.  Сонымен қатар «А.П.Гайдар атындағы №8 орта мектеп» оқушыларының ата-аналары және мектеп ұжымы акцияға белсенді қатысуда. Біз оларға мұқтаж балаларға демеушілік көрсеткендері үшін өте ризамыз.

      Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауға, әр балаға назар аударып, оның қамқорлығына алуға, оның мектепке баратын жолы ең жақсы және бақытты болатындай етіп дайындауда барлық мүмкіндікті көрсете отырып, азаматтық белсенділік таныта аламыз!

       №8 орта мектеп әкімшілігі акцияға белсенді қатысқандарға шын жүректен алғыс білдіреді. 

                                                               



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.09.2020 08:32
Құрылған күні: 28.09.2020 08:32

Текст