Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Құқық туралы әзілмен және байсалдылықпен" ойын

21.04.2021

20.04. 3 "Б" сыныбында әлеуметтік педагог Е.Н. Женатова өткізген "Құқық туралы әзілмен және байсалдылықпен" ойыны өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты оқушылардың құқық туралы білімдерін жүйелеу, адам құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, әр баланың міндеттері туралы білімдерін бекіту болды.
Бүкіл сынып  "Сарапшылар" және "Заңгерлер" командасына   бөлініп, тапсырмаларды орындады . Бірінші тапсырма оқушының міндеттерін еске түсіру болды. Балалар топта пікір алмасты. Командалар тапсырманы орындады.
Екінші кезеңде командалар еліміздің рәміздерін еске түсіріп, мемлекеттерге рәміздердің не үшін қажет екенін, нені білдіретінін және тұтастай мемлекет үшін қандай маңызы бар екенін талқылады 
Үшінші кезең - " Тұймедақ " ойыны. Әр команда  гүлден жапырақ жұлып алып , қарсылас командаға сұрақ қояды.
Соңғы кезең ойын түрінде өтті. Ол "Мен сенің құқығыңды құрметтеймін"деп аталды. Бұл ойын келесідей болды әр ойыншы жазуы бар жолақты тартып алып, басқа команданың ойыншысына жүгініп, ол қандай құқықты құрметтейтінін айтты.
Іс - шара соңында балалар бір-бірінің құқықтарын құрметтеу, міндеттерді орындау және заңды ешқашан бұзбау керек деген қорытынды жасады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.04.2021 08:07
Құрылған күні: 21.04.2021 08:07

Текст