Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Іс-шара

9-сынып оқушыларымен жүргізілген профилактикалық жұмыс аясында О.О. Волкова-Михальская жасөспірімдер арасында есірткі және психобелсенді заттарды қолданудың алдын алуға бағытталған практикалық сабақ өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, өз денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ психобелсенді заттарды қолданудың салдары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру болды. Сабақ барысында физикалық және психикалық денсаулықты сақтау мәселелеріне, зиянды ұсыныстардан бас тарта білу дағдыларын қалыптастыруға және қоршаған ортаның теріс ықпалына қарсы тұру қабілетін дамытуға ерекше назар аударылды.

Сабақ тренинг түрінде өткізіліп, әңгімелесу, пікірталас және практикалық жаттығулар элементтері қамтылды. Оқушылар жастар арасындағы нашақорлықтың таралу себептерін талқылауға белсенді қатысып, өмірлік жағдайларды талдап, тәуелділік мәселесіне қатысты өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар есірткі туралы мифтер мен шынайы деректер, оны қолданудың құқықтық және әлеуметтік салдары қарастырылды.


Текст