Текст
19.01.2026 жылы «Ш.Уәлиханов атындағы № 8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Заң және тәртіп» «Заң мамандығы» бойынша айлық өткізу аясында ІІБ өкілдерімен кәсіптік бағдарлау жұмысы өтті. Іс-шараға полиция бастығының орынбасары полковник Р.М. Әбілханов, ҚБ БЖБ инспекторы З.Ф. Шаракаева, инспектор А.Ғаббас қатысты. Аталған ЖОО-ларда оқу тәртібі туралы әңгімеледі. Аталған ЖОО-ға түсу кезінде қандай мамандық алуға болатынын айтып берді. Сондай-ақ, аталған ЖОО-да криминалистерді, оперативтерді, тергеушілерді, учаскелік инспекторларды, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларды және ҚАЖ қызметшілерін даярлайды.
Сондай-ақ, атыс даярлығы, жауынгерлік әзірлік, криминалистердің жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.
