Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Онлайн кәсіптік бағдар

9 А сынып оқушылары арасында онлайн режимінде кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді. Біздің қаламыздың индустриалды-техникалық колледжі 9 сынып түлектеріне жиырмадан астам мамандық бойынша білім беруді ұсынады. Оқу тегін, стипендия төленеді, тамақтану тегін. Оқушылар оқу орнының көптеген мамандықтары туралы қызықты әңгімелейтін бейнемен алдын ала танысты,оқу кабинеттері көрсетілді. Үшінші тоқсанда балалар осы колледждің өкілдерімен кездесіп, экскурсияға барды. Оқушылары бұл колледж Ақмола облысындағы ең үздік колледж екенін білді. Барлық мамандықтар қажет, маңызды, сұранысқа ие. Бұл мамандықтар ешқашан өзінің маңыздылығын жоғалтпайды. Сондықтан "Дизайн"," Техник-механик"," Химиялық талдау зертханашысы " мамандықтары бойынша оқуға ниет білдірген оқушылар бар.

 

"Тұран Астана" - " ТАU " университетінің өкілдері Степногорск қаласының № 8 орта мектебінің 11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Университет өкілдері оқушыларға оқу орнына қабылдау ережелері туралы айтып, оқу жүргізіліп жатқан мамандықтарды атап өтті. Болгарияда білім алып, қос диплом алу мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды. Студенттердің  жан-жақты өмірі туралы, олардың тұрмыс-тіршілігінің құрылымы туралы әңгімелейтін бейнелер ұсынылды. Сондай-ақ оқу ақысын төлеу кезінде ұсынылатын жеңілдіктер,төлемдер бойынша бөліп төлеу мүмкіндігі туралы ақпарат маңызды болды. Шығармашылық мамандықтарға түсуді жоспарлағандар үшін де ақпарат қызықты болды. Университет өкілдерінің сөз сөйлеуінен кейін балалар көптеген сұрақтар қойып,конференция уақытын ұзартуға тура келді. Түлектер мен конференцияға қатысушылар ұйымдастырушыларға кәсіби бағдар беру іс-шарасы үшін алғыс білдірді.

Жаңартылған күні: 17.05.2020 17:12
Құрылған күні: 17.05.2020 17:12

Текст