Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әскери оқу орындары

Мектеп оқушыларын патриоттық тәрбие беру мақсатында 2020 жылғы 28 қазанда АӘТД оқытушы – ұйымдастырушысы Н.Доскенов ZOOM платформасында онлайн-режимінде "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындары және оларға түсу тәртібі" тақырыбында 11 сынып оқушыларымен әңгімелесу элементтерімен және презентациямен кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

Қазақстан Республикасында келесі мекемелер бар:

1. Құрлық әскерлерінің Әскери институты (Алматы қ.);

2. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты (Ақтөбе қаласы);

3. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы қ.);

4. Кадет корпусы (Ақмола облысы Щучинск қаласы).

Аталған іс-шара барысында оқушылар әскери мамандықтардың түрлеріне, ЖОО бітіргеннен кейін әскери қызмет өткеру перспективаларына қызығушылық танытты, сондай-ақ көптеген қызықтыратын сұрақтар қойылды.

Қорытындылай келе, оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметтің оң жақтары туралы, сондай-ақ ҚР әскери оқу орындарында оқитын курсанттардың оқуы мен тұрмысы туралы айтылды.

Жаңартылған күні: 04.11.2020 08:24
Құрылған күні: 04.11.2020 08:24

Текст