Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Баланы оқуға қалай үйрету керек"

25.01.2021

22 қаңтарда 2 "А"сыныбында" Баланы оқуға қалай үйрету керек " атты ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысы баланың оқуына көмектесу, баланың жеке басын дамыту іс-әрекетінде отбасы мен мұғалімдердің күш-жігерін біріктіру мәселесі бойынша ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Жиналыстың бірінші бөлімі балалармен бірге өтті. 2 тоқсанның нәтижелері айтылды, сондай-ақ түрлі іс-шараларға қатысқан балалар атап өтілді. Санитарлық нормаларды сақтау, үй тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстар берілді.
Жиналыстың екінші бөлімі ата-аналардың қатысуымен өтті, олар оқушылардың үлгерімі мен танымдық қызығушылығының төмендеу себептері туралы хабардар болды, туындаған мәселені шешудің жалпы жолдары жасалды.

Просмотров: 157


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст