Текст
Наурыз айының 15-жұлдызында 9 «А» сыныбында «Жолда жүру ережелерін білеміз бе?» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушылар жолда жүру ережелері туралы лекция тыңдап, әр тарауын, көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер -жол белгілерін өз алдына зерделеп шықты. Қызықты да пайдалы ақпарат үшін Сергей Анатольевичке алғысымызды білдіреміз.