29 наурызда 8 сынып оқушыларымен "Қазыбек бидің парасаттылық қағидалары"атты парасаттылық сағаты өткізілді. Балалармен әңгімелесу барысында би кім екенін, кім би бола алатынын, би атағын алу үшін қандай қасиеттер маңызды болғанын еске алды. Балалар Төле мен Қазыбек бидің өмірінің негізін халыққа адал қызмет ету, барлығын әділдік пен парасаттылыққа шақырғанын еске алды. Ал Қазыбек би өмірдегі негізгі қағидаларды - тапқырлық, шешендік, шыншылдық деп санады, олар бірнеше рет күрделі мемлекеттік мәселелерді әскери күш қолданбай шешуге көмектесті. Билер шығармашылығының жастардың болашақ ұрпақтарына арналған Қара сөздері ретіндегі өзектілігін талқылады. Белсенді диалог барысында мемлекеттің күші адал, әділ, еңбекқор, білімді өскелең ұрпақта деген ортақ пікірге келді.