Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп - мейірім мекені»

02.09.2025

7 «В» сынып оқушыларымен жаңа оқу жылындағы алғашқы сынып сағаты «Мектеп - мейірім мекені» тақырыбында өтті. Сынып сағатының басында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Сынып сағатының мақсаты оқушыларды мектепте және сабақтарда жүріс-тұрыс қағидаларымен таныстыру, тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті түсінуді қалыптастыру, адал және әділ азаматты тәрбиелеудің негізі ретінде «Адал азамат» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, белсенді өмірлік ұстанымды, адалдықты, әділдік пен патриотизмді қалыптастыру үшін жағдай жасау болды. Сынып сағаты барысында «адал» (честный), «азамат» (гражданин) сөздерінің мағынасы түсіндіріліп, бағдарламаның міндеттері: адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу, қоғамның заңдары мен нормаларын құрметтеу туралы айтылды. Әр аптаның дәйексөзі болатыны айтылды, осы аптадағы дәйексөз: «Білім - қымбат қазына, қанағат тұтпа азына »/« Білім - құнды қазына, азғантай қанағаттанба» (Мұзафар Әлімбаев) «Адал адам болу дегеніміз не?» сұрағына жауап беруде  оқушылар талқылауға белсене қатысып, көпшілігі адалдық пен тәртіптің маңыздылығы туралы айтты. «Адал азамат» бағдарламасы бойынша алдағы жұмыс бағыттары белгіленіп, оқушылардың мектеп ережелерін сақтауға және азаматтық сана-сезім танытуға ынтасы артты.

Просмотров: 114


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст