Сынып сағатының өткізілуі туралы есеп
Күні: 02.09.2025 ж.
Сынып: 9 «А»
Тақырыбы: «Білім – асыл қазына, азға қанағаттан»
2025 жылғы 2 қыркүйекте 9 «А» сыныбында жаңа оқу жылындағы алғашқы сынып сағаты өтті. Дәстүр бойынша сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.
Сынып сағаты барысында оқушылар жаңа «Адал азамат» жобасымен танысты. Жоба аясында оқушылардың адалдық, адамгершілік, патриотизм, құқықтық мәдениет сияқты қасиеттерін дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар мен жұмыстар қарастырылған.
Сабақта оқушылардың жеке қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Балалар төтенше жағдай қызметтерінің нөмірлерін және сенім телефондарының байланыстарын қайталап, қауіпті жағдай туындаған кезде дұрыс пайдалану жолдарын талқылады.
Сабақ соңында оқушыларды жаңа оқу жылында күтіп тұрған мектеп өміріндегі өзгерістер мен іс-шаралар туралы ақпараттандырылды.