Текст
11 қыркүйек күні Тілдер онкүндігі аясында 7 «А» және 8 «Г» сыныптары арасында «Мың бір мақал – жүз бір жұмбақ» атты танымдық сайыс сабағы өтті.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді орындап, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, олардың мағынасын ашып түсіндірді. Сонымен қатар, бір-біріне жұмбақ жасырып, тапқырлық пен ой ұшқырлығын танытты.
✨ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:
Алибаева А.Д., Раймбекова Г.Б.