Әдеби-сазды сабақ

12.09.2025

Тілдер онкүндігі аясында  2025 жылдың 11 қыркүйегінде 7 "Г" сыныбында қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Әнге айналған өмір» атты әдеби-сазды сабақ өтті.  Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Сабақ барысында оқушылар сазгердің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көріп, оның әндерін орындады. Ұлдар «Ана туралы жыр», қыздар «Арыс жағасында» әнін шырқады. Сабақ соңында оқушылар Wordwall платформасы арқылы бейнеролик бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін шыңдады. Шара оқушылардың өнерге, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін оятты.

Просмотров: 343


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу