Жаңа оқу жылын тілдер онкүндігін өткізуден бастау дәстүрге айналды. Демалған балалар түрлі қалалық, мектеп байқауларына, іс-шараларға қуана қатысады. Биылғы онкүндік аясында 7 "В" және 7 "Г" оқушылары арасында "Ең сауатты ..." байқауы өтті. Оқушылар сөздік диктант жазды. Соловьева Василиса (1 орын), Ференец София ( 2 орын), Чайко София және Кирибаева Инкар ( 3 орын) ең жақсы жазды.
8 "А" және "Б" сынып оқушылары арасында "кроссвордтар байқауы" өтті ( Крыловтың ертегілері бойынша). Тапсырма оқылған шығармаларды білуге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған . Жеңімпаз 8 " А " сынып оқушысы Живагина Александра болды.
А. Құнанбаевтың 180 жылдығына орай 11 "А" сынып оқушылары арасында "Қара сөздер"мәтінін оқу ұсынылды. Жеңімпаз Қонысбай Камила болды.
Барлық жеңімпаздар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.