16.10.2025
14 қазан күні Шоқан Уәлиханов атындағы №8 мектепте «Қазақстан Республикасы күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар бұл маңызды мерекенің тарихымен танысты. Олар сұрақтарға белсенді жауап беріп, слайдтар арқылы жұмыс жасап, мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдады. Мұғалім бұл мерекенің маңызын, не себепті қайта жаңғыртылғанын түсіндіріп өтті.
Қазақстан Республикасы күні – мемлекетіміздің тәуелсіздікке бастау болған маңызды тарихи күн. Себебі 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған еді. Бұл құжат еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болып саналады. Сондықтан бұл күн – елдің еркіндігі мен бірлігінің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны.
Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның туын жүрек және күн бейнесінде суреттеп салды.
Бұл шығармашылық жұмыстың мақсаты – балаларды достыққа, бірлікке, бір-біріне қолдау көрсетуге және Отанын сүюге тәрбиелеу болды.