22.10.2025
Аттестаттаудан өту үшін педагогтер мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: 1. Өтініш.
2. Білім туралы диплом (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда).
3. Қайта даярлау курстарынан өткенi туралы құжат (бар болса).
4. Қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжат (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда).
5. Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат.
6. Берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін).
7. Кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар.
8. Білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
9. Эссе (250–300 сөз).
Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады.
«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына аттестатталушылардың 3), 5), 6), 7), 8) тармақтарда көрсетілген құжаттары Платформада жинақталады.