Текст
22.10.2025
Бүгін 5 «А» сыныбында «Өмір сүру қандай тамаша!» тақырыбында сынып сағаты өтті 🌞
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранынан басталып, оқушылар сынып жетекшісі Қуантқан Г.С. жетекшілігімен мейірім мен достыққа толы жылы атмосфераға енді.
📘 Сынып сағаты барысында оқушылар:
— айналасындағы адамдарға қамқор және ілтипатты болудың маңызын;
— достық пен сыйластықтың өмірді қалай әсем ететінін;
— бір-бірін қиын сәттерде қалай қолдауға болатынын талқылады.
💬 Ойындар мен шағын тапсырмалар арқылы балалар жылы сөз айтуға, бір-біріне қуаныш сыйлауға және өмірдің шын мәнінде тамаша екенін түсінді.
Сабақ соңында оқушылардың ұраны ретінде айтылды:
🌟 «Көмектес, күлімде, қуанышпен өмір сүр!» 🌟