Текст
30.10.2025
30 қазан күні қазақ және ағылшын тілдерінде «Білім планетасы» атты интеграцияланған интеллектуалдық ойын өтті. Іс-шараға 6 «В» және 7 «А» сыныптарының оқушылары қатысты.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрды және әртүрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды.
Іс-шараның мақсаты:
1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
2.Пәндерді оқуға қызығушылығын дамыту;
3 .Командада жұмыс істеу, шешім қабылдау, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
4.Жауапкершілік, өзара көмек және жаңа білімге ұмтылу сезімін тәрбиелеу.
Қатысушылар өздерінің жақсы эрудициясын, логикалық ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Іс-шара достық және танымдық атмосферада өтті, балаларға көптеген жағымды эмоциялар мен жаңа білім сыйлады.