Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Салауатты өмір салты»

04.11.2025

04.11.2025 жылы 7 «В» сыныбында «Салауатты өмір салты» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру, спортқа қызығушылығын арттыру, дұрыс тамақтану мен күн тәртібін сақтау дағдыларын дамыту.
Іс-шараның барысы:
Сынып сағатында 7 «В» сынып оқушылары салауатты өмір салтын ұстану нені білдіретіні, денсаулықты сақтауға қандай әдеттер көмектесетіні, неге спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және күн тәртібін сақтау маңызды екені туралы пікір алмасты.
Іс-шара барысында балалар әңгімеге белсене қатысып, өздерінің пайдалы әдеттерінің мысалдарын бөлісті.
Сонымен қатар, оқушылар топпен жұмыс жасап, «Дұрыс тамақтану», «Спорт — денсаулық кепілі» және «Оқушының күн тәртібі» тақырыптарында плакаттар салды. Жұмыстар жарқын, мазмұнды болып шығып, балалардың СӨС негізгі қағидаларын түсінгендігін көрсетті.

Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст