«Заң және менің құқықтарым. Жеке кеңістік. Өзіңе және өзгелерге құрмет»

05.11.2025

Бүгін 5 «А» сыныбында «Заң және менің құқықтарым. Жеке кеңістік. Өзіңе және өзгелерге құрмет» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Сабақ барысында оқушылар өз құқықтарымен танысып, Қазақстан Республикасының заңы бойынша нені істеуге болмайтынын білді.
Балалармен бірге басқа адамның жеке кеңістігіне қол сұғуға болмайтыны, ешкімді рұқсатынсыз қолмен ұстауға немесе сөзбен, әлеуметтік желіде ренжітуге болмайтыны айтылды.
Сондай-ақ, өзге адамдарды құрметтеу, қажет болған жағдайда «жоқ» деп айта білу және кез келген іс-әрекетті тек келісіммен жасау маңызды екені түсіндірілді.

 

Сынып жетекшісі — Қуантқан Гүлнұр Сейлханқызы

Просмотров: 298


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу