Текст
13.11.2025
Бүгін 2 «Б» сыныбында жол жүру ережелері туралы «Жолды реттеуші» тақырыбында қызықты сынып сағаты өтті. Оқушылар жолды реттеуші мамандығымен танысты, ол қандай сигналарды береді және әртүрлі жағдайларда жолды қалай дұрыс өту керектігін білді. 👮♂️🚗
Сабақ кезінде балалар белсенді қатысып, көріністер ойнап, ойын арқылы алған білімдерін бекітті. Осындай сабақтар біздің оқушыларға жол қозғалысында сақ болуы, тәртіпті және қауіпсіз қатысушы болуға көмектеседі! 🚸✨