19.11.2025
2025 жылдың 17 қарашасында «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанұяларды қолдау және сүйемелдеу орталығы» ММ басшысы С.О.Жетпісбаеваның төрағалығымен Степногорск қалалық Аналар кеңесінің «Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі» атты тақырыпта қалалық семинар өтті.
Семинарға "Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі " КММ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Екатерина Валериевна Гергенредер қатысты.
Семинарда әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және т.б. мәселелер көтерілді.
Степногорск қалалық Аналар кеңесінің құрамына Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Е.В.Гергенредер енгізілді.