19.11.2025
18.11.2025 ж. 8 «В» сыныбында
«Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды құтқару қызметінің міндеттерімен, оның пайда болу тарихымен және бірыңғай жедел қызмет нөмірімен таныстыру.
Сабақ барысында оқушыларға құтқару қызметінің пайда болуы өмір талабынан туындағаны түсіндірілді. Төтенше жағдайларда жедел әрекет ету үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген әмбебап бірыңғай орталық құрылған. Әрбір қоңырауды өңдеудің нақты алгоритмі жағдайды жылдам анықтап, қажетті көмек көрсету қызметтерін дер кезінде бағыттауға мүмкіндік береді.
Оқушылар адамдарды құтқаруды қажет ететін түрлі өмірлік жағдайларды қарастырып, алғашқы көмек көрсету және жедел қызметтерді шақыру тәртібін талқылады. Әр адам өз өмірін және айналасындағы адамдардың өмірін құтқару үшін қалай дұрыс әрекет ету керектігін білуі тиіс екені ерекше атап өтілді.