Текст
26.11.2025
25.11.25 күні 8 «В» сыныбында «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты : оқушыларды саяхат барысында туындауы мүмкін қауіп-қатерлермен таныстыру және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында өрттің, жер сілкінісінің және су тасқынының себептері мен осы жағдайларда әрекет ету тәртібі талқыланды. Оқушылар төтенше қызметтердің нөмірлерін қайталап, ЧС туралы дұрыс хабар беру жолдарын қарастырды.
Қорытынды: қауіпсіздік ережелерін білу төтенше жағдайларда өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі.