«Сөйлем»

14.01.2026

Ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты 1 «А» сыныбында оқу қашықтан форматта ұйымдастырылды. Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.
Сауат ашу сабағында «Сөйлем» тақырыбы қарастырылды. Оқушылар сөйлемнің аяқталған ой екенін түсініп, оның шекарасын анықтауды үйренді.
Математика сабағында «Есептер шығару» тақырыбы өтілді. Балалар есептің шартын талдап, берілгенін және табу керек мәліметті анықтап, шешу жолдарын орындады.
Қашықтан оқыту форматы оқу процесінің үздіксіз жүргізілуіне мүмкіндік берді.
Сынып жетекшісі: Орехова Ю.А.

Просмотров: 220


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу