Текст
20.01.2026
«Заң және тәртіп» айлығы аясында 2026 жылдың 20 қаңтар күні 7 «Г» сыныбында "Адамдар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен толеранттылыққа тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында адамдардың арасындағы айырмашылықтар және әр тұлғаның құқықтары мен міндеттерін құрметтеудің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сынып сағаты оқушылардың мәдени қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті. Оқушылар топқа бөлініп достық гүлі мен күн шуағын жасады.