Текст
21.01.2026
20.01.2026 ж. 6 «В» сыныбында «Менің көршілерім. Әртүрлі адамдар – тең құқықтар» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың адамдарға деген құрметті қарым-қатынасын қалыптастыру, құқықтар мен міндеттердің теңдігін түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар көршілердің кім екені, адамдардың бір-бірінен айырмашылығы және әр адамды құрметтеудің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Әңгіме және өмірлік жағдаяттарды талқылау арқылы балалар барлық адамдар әртүрлі болғанымен, құқықтары тең деген қорытындыға келді.