Текст
28.01.2026
27.01.26 күні 8 «В» сыныбында «Күмәнді жағдайларда: салауатты және қауіпсіз өмір салтына апарар жол» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты — оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және күнделікті өмірде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту.
Сынып сағаты барысында жасөспірімдер кездесуі мүмкін күмәнді жағдайлар мен олардан дұрыс әрі қауіпсіз жолмен шығу тәсілдері талқыланды. Зиянды әдеттер, «жоқ» деп айта білу және жеке таңдау үшін жауапкершілік мәселелері қозғалды.
Қорытынды: дұрыс таңдау жасау және қауіпсіздік ережелерін сақтау — салауатты әрі қауіпсіз өмір салтының негізі.