Текст
28.01.2026
«Заң және тәртіп» айлығы аясында 1 «Г» сыныбында тақырыптық сабақ өтіп, оның қорытындысы бойынша «Ережелер мен заңдар не үшін қажет?» атты балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бірінші сынып оқушылары өз шығармашылықтары арқылы мектепте, жолда және қоғамда тәртіп сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Балалар өз жұмыстарында ережелердің қауіпсіз өмір сүруге көмектесетінін, әр адамның құқығын қорғайтынын және бір-бірін құрметтеуге үйрететінін нақты бейнелеп берді.