Текст
27 қаңтарда «Заң және тәртіп» желісі аясында 10 «Б» сынып оқушыларымен жеке қауіпсіздік тақырыптары бойынша диалог алаңы өткізілді. Атап айтқанда, «Интернетте және әлеуметтік желілерде жеке шекараларды қорғау», «Жыныстық кемсітушілік және зорлық-зомбылық. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жауапкершілік» тақырыптары қарастырылды.
Оқушылар киберкеңістікте, көшеде және құрдастарымен қарым-қатынас кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін талқылады. Проблемалық жағдайларға байланысты кейстер, сондай-ақ күрделі жағдайларда алдын алу және қорғану ережелері пысықталды.