Текст
19.02.2026
Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағдарламасын іске асыру аясында 2026 жылғы 19 ақпанда «Шарапи ізімен» тақырыбында Адалдық сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – саяси қуғын-сүргінге байланысты Қазақстан тарихындағы қайғылы кезеңдерді зерделеу арқылы білім алушылардың бойында адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік ұғымдарын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар 1930-жылдардағы қуғын-сүргіннің құрбаны болған қазақстандық зиялы қауым өкілінің тағдырымен танысты.
Білім алушылар тоталитарлық жүйенің себептері мен салдарын, «әділдік», «заң», «азаматтық ұстаным» ұғымдарының мәнін талқылады. Тарихи жадты сақтаудың маңыздылығы және заңсыздыққа жол бермеу қажеттігі туралы қорытынды жасалды.