Жұмыс кеңесі

27.02.2026

24 ақпанда мектебімізде педагогикалық ұжыммен конституциялық реформаның негізгі бағыттарына арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында алдағы өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың мемлекет пен қоғамның дамуына ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Әділеттілік, жауапкершілік және азаматтардың ел өміріне белсенді қатысу қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, педагогтердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге және азаматтық білім беру бағытында оқушылармен мазмұнды жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Өзгерістерден хабардар болу, олардың мәнін түсіну және құқықтық мемлекет қалыптастырудағы өз рөлін сезіну – әрбір азамат үшін маңызды. 

Просмотров: 1632


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу