04.03.2026
04.03.2026 ж. қашықтан оқыту форматына көшуге байланысты 7-сыныптарда тарих пәнінен BilimClass білім беру платформасын пайдалану арқылы сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Әлемді отарлық бөлудің аяқталуы. Әскери-саяси блоктардың қалыптасуы».
Сабақтың мақсаты: платформадағы интерактивті ресурстарды қолдану арқылы білім алушылардың пәндік білімдерін қалыптастыру және цифрлық сауаттылығын арттыру.
Сабақ барысында платформаның келесі мүмкіндіктері пайдаланылды:
-интерактивті тапсырмалар;
-бейне және аудиоматериалдар;
-тест тапсырмаларын автоматты түрде тексеру.
Білім алушылар тапсырмаларды белсенді орындап, тестілеуден өтті, жіберілген қателеріне талдау жасады. Платформа оқу материалының меңгерілу деңгейін жедел анықтауға және қалыптастырушы бағалау жүргізуге мүмкіндік берді.
Сабақ қорытындысы бойынша білім алушылардың басым бөлігі оқу мақсаттарына қол жеткізді. Оқу материалы жеткілікті деңгейде меңгерілді.
Қорытынды: BilimClass цифрлық білім беру платформасының ресурстарын қолдану оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.