Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

29.04.2026

2026 жылғы 29 сәуірде Степногорск қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп КММ базасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы ұйымдастырған оқыту семинары өтті.

Спикер ретінде Семенякина Анастасия Михайловна сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар цифрлық мемлекеттік қызметтердің өзекті мүмкіндіктерімен танысты, атап айтқанда:

ХҚКО-ға бармай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін eGov Mobile мобильді қосымшасының артықшылықтары;
заңдық күші бар «Цифрлық құжаттар» бөлімінің функционалы;
ЭЦҚ және Digital ID арқылы тіркелу және жүйеге кіру тәсілдері;
ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді алу алгоритмдері (анықтамалар рәсімдеу, кезекке алдын ала жазылу, QR-сервистерді пайдалану);
жеке деректерді қорғау және екі факторлы аутентификацияны қолдану бойынша ұсынымдар.
Іс-шараға 30 адам қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын белсенді түрде пайдалануға ұсыныс берілді. 

Просмотров: 126


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст