Текст
01.06.2026
Бүгін, 1 маусымда, біздің мектебімізде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Бүлдіршіндер мектебі» өз есігін айқара ашты! Балалар үшін білім, жаңалықтар мен жаңа достар әлеміне қызықты саяхат басталды. Алда оларды қызықты сабақтар, шығармашылық тапсырмалар, көңілді ойындар және мектеп өмірімен танысу күтіп тұр. Жақында мектебіміздің нағыз оқушысы атанатын ізденімпаз, белсенді әрі дарынды бүлдіршіндерді көргенімізге қуаныштымыз.Білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдарыңыз жеңіл, қуанышты және есте қаларлықтай болсын! Болашақ бірінші сынып оқушыларымызға табыс, жарқын әсерлер мен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!