Мемлекеттік рәміздер күні

04.06.2026

Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы №8 орта мектептің болашақ бірінші сынып оқушылары Қазақстан Республикасының маңызды мерекелерінің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен танысты.

Сабақ барысында бүлдіршіндер еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының маңызы туралы білді, олардың шығу тарихы мен мән-мағынасы жайында әңгімелесті. Болашақ оқушылар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерімен бөлісіп, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды үйренді.

Осындай тәрбиелік іс-шаралар балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті және өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 2316


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу