10.06.2026
9-сынып оқушылары үшін нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу бойынша дәріс.
Профилактикалық жұмыс шеңберінде 9-сынып оқушылары арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті психиатр-нарколог Г.Х. Марванова жүргізді, Кездесу барысында маман мектеп оқушыларына есірткі заттары мен алкогольдік ішімдіктердің адам ағзасына теріс әсері, тәуелділіктің қалыптасу ерекшеліктері, сондай-ақ психикалық белсенді заттарды қолданудың физикалық және психикалық денсаулыққа тигізетін салдары туралы айтып берді.
Денсаулықты сақтау, өз болашағына жауапкершілікпен қарау және зиянды әдеттерге қарсы тұра білу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушылар салауатты өмір салты туралы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманның білікті жауабын алды.
Өткізілген іс-шара жасөспірімдердің есірткі мен алкогольді пайдаланумен байланысты қатерлер туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ зиянды әдеттерге теріс көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.