«Барлық мамандық маңызды»

17.09.2026

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектепалды даярлық сыныптарында қоршаған ортамен таныстыру пәнінен «Барлық мамандық маңызды» тақырыбында сабақтар өткізілді. Сабақ барысында балалар әртүрлі мамандықтармен танысып, тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешті, түрлі мамандықтардың суреттерін бояды және сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысты. Іс-шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтуге, ересектердің еңбегіне қызығушылығын арттыруға және әртүрлі мамандықтарға құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.        

Просмотров: 49


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу