«Білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың, буллингтің және дағдарыстық жағдайлардың алдын алу»

23.09.2026

22.09.2026 ж.Директор жанында «Білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың, буллингтің және дағдарыстық жағдайлардың алдын алу» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында білім алушылардың эмоционалдық жай-күйінің қолайсыз белгілерін дер кезінде анықтау, буллинг пен кибербуллинг жағдайларының алдын алу, сондай-ақ дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде педагогтердің іс-әрекет алгоритмі қарастырылды.
Білім алушылардың эмоционалдық жағдайына мұқият қарау, педагогтер, сынып жетекшілері, психолог, әкімшілік және ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық ұжымға профилактикалық жұмыстарды күшейту, анықталған проблемалық жағдайлар туралы әкімшілік пен мамандарға уақтылы хабарлау және білім алушылар үшін қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру ұсынылды.

Просмотров: 524


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу