«Өмір ойын емес, қайта жүктеу болмайды»

14.10.2026

11 «А» сыныбында «Өмір ойын емес, қайта жүктеу болмайды» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатында өмірлік қиындықтарды еңсеру, проблемалық жағдайлардан шығу жолдарын табу мәселелері талқыланды. Оқушылардың бойында жанашырлық, мейірімділік, айналасындағылардың мәселелеріне бейжай қарамау, түсіністік таныту, өзгелердің сезімдерін түсініп, бірге уайымдай білу, ізгі ниеттілік және қарым-қатынаста төзімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға назар аударылды.
Оқушылар «Қиын өмірлік жағдайларда мәселелерді шешу жолдары» атты жаттығуды орындады. Сондай-ақ жүйке жүйесіндегі күйзелісті жеңілдету және эмоционалдық шиеленісті азайту тәсілдері қарастырылды.
Сынып сағаты аясында оқушылар «Құндылықтар ағашын» жасады. Әр оқушы қағазға өзі үшін өмірдегі ең қымбат әрі маңызды құндылықты жазып, өз ойымен бөлісті.

Просмотров: 166


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу