ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесінің аяқталғанына біраз уақыт болса да, «Нұр Әлем» павильоны келушілерді әлі де таң қалдыруда. Ағымдағы жылдың 4 тамызында біз қайтадан болашақтың жаңа, экологиялық таза технологияларын тамашалауға тағы бір мүмкіндік алдық. Ұсынылған экспонаттармен таныса отырып, бұл технологияларды сабақта қолдана алмайтынымызға өкінеміз, егер балаларға өсімдіктерді интерактивті форматта өсіру, оны зиянды әсерлерден қорғау, суды немесе желді пайдаланып энергия өндірудің өзіндік моделін қолдануды сабақ барысында көрсете алсақ қаншалықты қызықты болар еді. Бұл экскурсия 2017 жылдың жазында көрмеге барған кездегі эмоцияларды қайта жандандырды.
Сонымен қатар, Триатлон саябағындағы атақты «Тақтар ойыны» телехикаясының көріністерін тамашалау ерекше сезімге бөледі. Саябақтағы таңғажайып фото аймақтар, тақта отырған монарх, өзіңді сол сияқты сезінуге, «жасыл» алаңдағы демалу, айдаһардың күшін сезіну немесе өзіңізді кішкентай айдаһар ретінде елестету мүмкіндігін туғызды. Осының бәрі жағымды эмоциялармен ерекше әсерлендірді. Әрқашан таң қалдыратын нәрсені табатын, саяхат ұйымдастырушы Новикова Елена Александровнаға үлкен рахмет! (И.Н. Кулагина, тарих пәнінің мұғалімі)
Ортағасырлық үлкен сарайды биіктігі алты метр алып айдаһар күзетеді. Ол дәл қазір жалын шарпыған от шашқалы тұрған сияқты. Оның артында броньды рыцарьлары бар қамал тұр, бұл неткен ғажап көрініс десеңізші!
Позитивті эмоциялардың кезекті толқыны үшін біздің тұрақты ұйымдастырушымыз Елена Александровнаға рахмет! Гладких И.Н. (бастауыш сынып мұғалімі)
Менің анам Ирина Васильевна жұмыс жасайтын №8 мектепте ұжыммен экскурсияға бару сияқты тамаша дәстүр бар, мен олармен бірге Нұр-Сұлтан қаласына саяхаттау бақытына ие болдым. Саяхат барысындағы жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық пен жылы ілтипаты үшін ұйымдастырушы Елена Александровнаға алғысым шексіз! Саяхат өте қызықты да, танымды болды!!! Инга Быченко (Ресейден келген турист)
Жазғы демалыс – бұл тек қана балалардың емес, ересек адамдардың да ең қалаған және сүйікті уақыты. Сонымен қатар, жазғы демалыс - бұл өзін-өзі дамытуға және көптен жоспарлаған жұмыстарды жүзеге асыруға қолайлы уақыт. Біздің Отанымыздың астанасы Нұр-Сұлтан қаласына болған сапарымыз дәл осындай болды. Саяхат ұйымдастырушысы және әріптестеріме шексіз алғысымды білдіріп, шығармашылық табыстар тілеймін !!! (Журина С.М.)