Текст
6-қазанда мектепте дебат клубының жұмыс сабағы аясында "Мықты көшбасшысы бар мемлекет Тәуелсіздікке қол жеткізеді" тақырыбында әңгіме өткізілді. Командалар талқыланатын тақырыпты қорғауда да, оған қарсы да дәлелдерді анықтады. Қазақстан Республикасы тарихының беттері қозғалды, сондай-ақ дүниежүзі тарихының тарихи фактілері пайдаланылды. Балалар дәлелді дауға белсенді қатысты. Талқылау тақырыбы өте қарапайым болғанына қарамастан, балалар мықты көшбасшы мемлекет үшін маңызды, бірақ кез - келген бастамада өз көшбасшысын қолдайтын біртұтас халықтың болуы маңызды деп тұжырымдай отырып, алға қойылған міндетті орындады.