Текст
13.12.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 10-сыныпта өткізілген сынып сағатының мақсаты – адамгершілік, көшбасшылық қасиеттері бар азаматты, патриотты қалыптастыру, оқушыларға Отанның қадір-қасиетін, сүйіспеншілігін жеткізу. Сынып сағатында оқушылар осы мерекенің тарихына тоқталып, 30 жыл ішінде халықтың, еліміздің жеткен жетістіктері мен дамуы туралы әңгімеледі. Еліміздің мемлекеттік рәміздері мен еліміздің негізгі заңын еске түсірдік. Жауаптарын үш тілде айту арқылы викторина жүргізіліп, жұмбақтар шешілді. Балалардың назарына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фильмдер де ұсынылды.