Текст
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай, 8 "В" сынып оқушыларымен "Ахмет Байтұрсынов - Ұлт ұстазы" атты танымдық сағаты өткізілді.Мақсаты: оқушыларды қазақ халқының біртуар перзенті- ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстыру; ұлы ғалымдар туралы білімдерін насихаттау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту; отансүйгіштікке, өз еліне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
Міндеті:
1. Оқушылардың қазақ әліпбиінің тарихы туралы түсініктерін кеңейту
2. Ғылым мен прогресс жолындағы ұлы ғалымдардың қызметіне оң моральдық баға қалыптастыру.
3. Ғылыми білімнің негізі ретінде пәндерді оқуға қызығушылықты ояту.
4. Өз еліне, халқына деген патриоттық, мақтаныш сезімін арттыру.