7 ақпан күні 5"Б"сыныбында "жеке гигиена – денсаулық кепілі"тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: жеке гигиенаның негізгі ережелері бойынша оқушылардың білім деңгейін және оларды сақтау қабілетін анықтау.
Міндеттері:
салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
гигиеналық дағдыларды дамыту: қолды жуу, апта сайын шомылу.
ұқыптылықты, тазалықты тәрбиелеу .Сынып сағаты барысында , сыныпта жайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, әркімге өзін-өзі тануға мүмкіндік беруге тырыстым. Балалар жеке гигиена туралы өз пікірлерін білдірді, мәселелерді талқылауға белсенді қатысты, сыныптастарын тыңдай алды. Сынып сағатының соңында әр топ өз жұмысын ұсынды.
Сынып сағаты жалпы тәрбиелік міндеттерге және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді деп санаймын.
Сынып сағатын дайындау және өткізу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.